Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Аягөзде екіқабатты тұрғын үй өртеніп кетті

145

Өрттің шығу себебін ШҚО Төтенше жағдай департаментінің Өрт сөндіру және құтқару тобы зертханасының мамандары тексеріп жатыр. Қызыл жалын шамамен 300 шаршы метрді жалмаған.

Түнде өртке оранған тұрғын үйдің адамдары сыртқа шығарылды. Жергілікті билік өкілдері адамдары уақытша орналастыратын жер тағайындады. Алайда адамдар бұл көмектен бас тартып, туған-туысқандарының үйіне тарқасқан. Зардап шеккен және кісі өлімі фактісі тіркелмеді.

Өртті сөндіруге 3 техника, 20 өрт сөндіруші және №36130 әскери бөлімінің сарбаздары тартылған.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз