Ресей, Түркия, Иран елдері Астанада Сирия бойынша кездесуді бастап кетті.
Бұл отырысқа, сондай-ақ, БҰҰ және Иордания сарапшылары қатысуда деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.
Астана қаласында Ресей, Түркия және Иранның Сириядағы бітімді қадағалау жөніндегі біріккен жедел тобының отырысы басталды, оған БҰҰ мен Иордания сарапшылары да қатысуда деп хабарлайды РИА Новости агенттігінің дереккөзі.
Ресей қорғаныс министрлігі бұдан бұрын хабарлағандай, мұндай кездесулер Астанада жиі өткізіліп тұрады. Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов жұма күні сөйлеген сөзінде кездесудің техникалық сипатта өтетіндігі туралы мәлімдеді. Әбдірахманов бұл кездесуді Сириялық ахуалды реттеудегі “астаналық үдерістің” жалғасы деп атаған болатын.