Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі екінші деңгейлі банктердің біріктірілуі туралы айтты.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
«Банктер әлсіз. Солай емес пе? Әлемде дағдарыс болған кезде Exxon және Mobil сияқтылар бірігіп кетті. Shell мен British gas бірікті. Біріктірілсін. Акционерлер өздерінің банктерін сақтағысы келсе, қаржыларын салады. Банктерді құтқарудың басқа жолы жоқ. Олар өмір сүре алмаса, экономикаға керек емес. Батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа», — деді Елбасы Ұлттық банк төрағасына.
«Біздегі банк секторын сауықтыру жұмысы көпке оңайға тимейді. Өйткені бұл іс акционерлер тарапынан қосымша капитал құюды талап етеді немесе осы нарықтағы басқа ойыншылармен қосылу керек. Осыған байланысты Ұлттық банк банк секторын сауықтыру бойынша қолға алынатын кешенді шараларды әзірлеуге кірісті.
Рас, қазір Ұлттық банк қаржы секторындағы жағдайға шұғыл әрекет етіп, шешім қабылдауда қауқарсыз. Сол үшін пруденциальды нормативтерді қайта қарау керек. Банк заң бұзушылық тіркелмеген жағдайда банктен ақшалардың бұзып алуы фактісін бақылап, оны тіркейді, бірақ бұл операцияларды тоқтатуға құзыреті жеткіліксіз. Әрине, салымшылардың ақшасын қорғау қажет қой. Осыған байланысты Ұлттық банк қаржы саласында мәселе орын алмай жатып дағдарыстық белгілерді анықтап, оның алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жоспарлайды» – деді өз кезегінде Данияр Ақышев.