Қытайдың ұлы ұстаз (ойшылы) Күңзыдан шәкірттері: егер бір елге басшы болсаңыз, алдымен не істер едіңіз? – деп сұрапты.
Күңзы ойланбастан: ұлттың тілін тәртіпке салар едім, – дейді. Мұны естігендер қайран қалып, себебін сұрапты. Сонда Күңзы: тілі бұзылса ұлттың рухы мен әдет-ғұрпыда бұзылады. Рухы мен ғұрпы бұзылса, әділет пен ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жоғалу қаупіне ұшырайды. Тілі жоғалған ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды, мұндай жағдайдың алдын алу керек деген екен. Тілін білмегендер билікке келе бастағанынан қорқу емес қорлану керек екен.
Айгүл Қажыбек
Facebook-тегі парақшасынан