Американың Сонора шөлінде жер жарылды. Алып жырықтың ұзындығы 3 шақырым, ал ені кей жерлерде бес метрге дейін жетеді екен.
Геологтердің тұспалы бойынша, жердің жарылуы 2013 жылы Аризонада басталған,
бұл құбылысқа жерасты суларының жойылуы себеп болуы мүмкін.
2014 жылы бұл жақта жаңбыр көп жауып, содан жырық кеңейе түскен. Жергілікті фермерлерге жырыққа жақындамау жөнінде кеңес берілуде.