Нұрсұлтан Назарбаевтың мәтін түріндегі соңғы жолдауында көптеген тапсырмалардың ішінде Қазақстанда электромобиль жасап, оны экспорттау туралы тапсырма да жүр.
Елбасының жоспарына сай, Қазақстанда электрлі көліктер жасалып қана қоймай, ол экспортқа шығарылуы тиіс.
Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.
Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын”, делінген.
Жолдауға сай, инвестициялық стратегияны Үкімет биыл 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі керек.