Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
12
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

“Бар, кет!”. Трамп министрді жұмысынан қуып шықты

30 қаңтарда Йетс қарамағындағы қызметкерлеріне президенттің елге жеті ел мигранттарының кіруіне тыйым салу туралы жарлығын сотта қорғамауға бұйрық берген. Бірнеше сағаттан соң Ақ үй Йетстің “АҚШ азаматтарын қорғайтын заңды жарлықты орындаудан бас тартып әділет министрлігіне сатқындық жасағаны” туралы мәлімдеме таратты.

Бұдан бірнеше сағат бұрын сенаттағы демократтар жетекшісі Чарльз Шумер президенттің жарлығын дереу жою туралы қарарды дауысқа салмақ болған. Бірақ республикашылар бұл қадамды мақұлдамай тастаған. Шумердің Демократиялық партиядағы әріптесі, өкілдер палатасының мүшесі Джерри Надлер президенттің жарлығын конгресмендер емес, сот қана жоя алады дейді.

Өткен аптаның соңында бірнеше федералдық судья жарлықтың жекелеген пунктері, оның ішінде босқындарды елдеріне жөнелту туралы бөлімінің күшін жойған.

Барак Обама кеше бұрынғы президенттің өзінің орнына келген президенттің саясатын сынаудан тартынатын дәстүрін бұзып, мигранттардың кіруіне тыйым салуға қатысты мәлімдеме жасады. Барак Обама онда Дональд Трамптың жарлығына үзілді-кесілді қарсы екенін білдіріп, АҚШ әуежайларында наразылық акцияларын өткізіп жатқан демонстранттарға қолдау білдірді. “Адамдарды діни сеніміне қарап кемсітуді құптай алмаймын” делінген Обаманың мәлімдемесінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз