Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-8
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Ал құтты болсын! Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тойы болады

Бұл кезде кәсіпкер болашақ жарының тікелей эфир арқылы жолдаған сөздеріне: «Сізді Сүйемін» және «Сіз Кереметсіз» деп түсініктеме берді.

Продюсер табынушыларының сауалдарына жауап бере отырып, өзінің жеке өмірі туралы жазылып жатқан өмірбаяндық кітабының екі айдан кейін шығатын мәлімдеді.

«Кітаптың шығуына аз қалды. Екі айдан кейін оқырмандардың кітап сөресінде тұрады»,-деді Баян Мақсатқызы.

Айта кету керек, жұлдыз алғаш рет Instagram арқылы тікелей эфирге шықты. Таратылымды 12 мыңға жуық пайдаланушы көрді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың қараша айында, қазақстандық танымал продюсер Баян Есентаева өзінің өмірбаяндық кітабын баспаға дайындап жатқандығын айтып, одан үзінді де жариялаған болатын. Ертеректе, БАҚ және әлеуметтік желіде Баян мен кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің махаббаты туралы ақпарат пайда болған еді. Кейініректе, кәсіпкер өзінің әртіспен түскен суретін аккаунтына жариялады. Бұл жаңалақтардың бәріне Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында тұрмысқа шығатынын мәлімдеп, нүкте қойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз