Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ауғанстанда ұсталған содырдың бірі Атырау облысының тумасы болып шықты

2017 жылдың 19 қаңтарында Ауғанстанның Сари-Пуль провинциясында ұсталған содыр Атырау облысының тумасы екені анықталды. Мұның алдында ҚР Сыртқы істер министрлігі оны Қазақстанның сұрауы бойынша Интерполдың іздестіргенін хабарлаған еді.

“Жергілікті құқық қорғау органдары терроризм бойынша күдікті Қазақстан азаматын ұстады. Зналиев Дамир Амангелдіұлы 1989 жылы Атырау облысында дүниеге келген”, – дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Мұның алдында Ауғанстанның солтүстігінде екі содырдың ұсталғаны хабарланған. БАҚ ақпараты бойынша, олар Қазақстан мен Өзбекстан тумалары. Содырлардың аты-жөні Демир Зенлийов және Абдул Матин деп айтылған. Оларды ұстау кезінде ауғанстандық төрт тәліп мерт болған. Тағы бір ауғанстандық жараланып, қазір қамауда жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз