Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің билік тармақтарының құзырын қайта қарау жөніндегі Үндеуіне байланысты өз пікірін айтыпты.
Нығматулин былай дейді:
“Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасындағы құзыреттерді қайта қарастыру туралы бастамасы – Мемлекет басшысының саяси жүйені демократияландыру бағытын берік ұстанғанының айғағы.
Осыған байланысты, Президенттің мемлекеттік билік жүйесін реформалау жөніндегі бастамасын заңдық тұрғыдан сапалы қамтамасыз етуде депутаттық корпустың жауапкершілігі артпақ.
Біз мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігі күшейетін кезеңге аяқ бастық.
Ұлт Көшбасшысы қазақстандықтарға мемлекеттік құрылымның ерекше шешімін ұсынып, саяси мәдениетімізді жаңа деңгейге көтермек”.