Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Күйеуім әр нәрсені сылтауратып үйге қонбай қалады

365

Ажырасам деп талай қорқытып көрдім. Тыңдамай шығып кетеді. Саспайды. Қыздарымның болашағы үшін өзімнің көнуіме тура келіп тұр. Үлкен қызым жүріп жүрген жігітімен әкеліп таныстырып та қойған. Ажыраса қалсам, қызымның күйеу бала алдында жүзі жарқын болмай қала ма, әкесімен қатар тұрып ұзатайын деп ойлаймын.

Қазіргі қыздар да өте әдемі. Осы күйеуім менімен бірге не артық ыдысы жоқ, не дүниесі жоқ, көшіп қонып пәтерде жүрген кезде қайда болыпты? Бүгінгі күні жағдайы дұрысталып, қымбат сыйлықтар сыйлай алатын дәрежеге жеткен кезде «по вкусам не спориш, ұнатам мен де» дейді жер бетінде жігіт қалмағандай. Күйеудің бетін қайтара алмаған соң қызбен сөйлесуге ашықтан ашық өзім барғанда естіген сөзім сол болды.

Қазір күйеуім әр нірсені сылтауратып соның жанында қонып қалады. Күн сайын киім ауыстырып киіп, жасарып барады. Соның қасына қонған күндері, менің жыныма тигісі келе ме, әлде бар болып болғаны сол ма көңілденіп, ән сап кетеді. Қымбат сыйлықтар жасайтынын да білемін. Бәрін біле тұра ештеңе істей алар емеспін. Не істеймін айтыңыздаршы ағайын.

Ақмарал, Қаскелең қаласы.

Дереккөз: Алаш айнасы 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз