Қытайдың Тяньцзинь қаласының аумағында он жылдан астам уақыт Nestle, Knorr және Lee Kum Kee танымал брендтерінің атын жамылып, улы соустар шығарған 50 зауыттың желісі әшкереленді.
Жасанды тұздықтар шығаратын фабриканың барлық құқықбұзушылық фактілерін анықтау үшін көптеген жыл уақыт кеткен. Адам өміріне қауіп төндіретін өнімдердің санитарлық талаптарға мүлдем сай келмейтін тозығы жеткен ескі цехтарда жасалғандығы анықталды. Сонымен бірге зауыттың жұмысшылары көрші зауыттардың өндірісінен қалған қалдықтарды заңсыз пайдаланған.
Жасанды соустарда пайдалануға тыйым салынған канцерогенді элементтерді қолданған.
Жасанды соустар Қытайдың барлық аумағына тараған және жылына 14 миллион доллар табыс әкелген. Қазіргі таңда қауіпті өнімдерді өндіргені үшін бірнеше адам тұтқындалды.