Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
444
0.00
EUR
481
0.00
RUB
4.88
0.00

Мектептегі жиналысқа қатысатын ата-аналарды жұмыстан босату міндеттеледі

Биылғы жылдың көктемiнде министрлiк “ата-ана сағаты” ұлттық күнiн өткiзу бастамасын қолға алмақшы.

“Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек”, – дейдi Ерлан Сағадиев.

Айта кетейiк, бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыс уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi.

“Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары”, – деген едi ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз