Кісі өлтірді деген күдік келтіріліп отырған 29 жастағы Қазақстан азаматы шіркеуді уақытша паналап келген. Оның психикалық ауытқуы бар болуы мүмкін.

Қазақстандық келіншекке Белоруссиядағы Свято-Ксиеневский шіркеуінің бастығын өлтірді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
“Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Василисса шешейге пышақ жарақаттарын Қазақстан Республикасының 29 жастағы азаматы салған”, — деп хабарлады Sputnik-ке жұмада Белоруссиялық экзархат Борисов эпархиясында. Тұрмыс тауқыметін шеккен әйелге қолқабыс ету үшін шіркеуде уақытша қоныс берілген, деп түсіндірді эпархияда. Sputnik-пен әңгімелесуші сондай-ақ, қайғылы оқиғаның алдында күдіктінің бойынан психикалық ауытқулар байқалғанын айтты.