Ауа-райының нашарлауына байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпарат жарияланды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алматы облысында кеше, яғни 2-қаңтарда сағат 19:00-де ауа-райы нашарлап, боран соғып, жол көрінбегендіктен республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал (40-80 ш) және обылыстық маңызы бар Сарыөзек-Қоғалы тас жолдары (69-75 шақ.) учаскелерінде барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.