Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу» заңына қол қойған.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу» заңына қол қойған.
Құжатта көппәтерлі үйлердегі тұрғын бөлмелерді сағат немесе тәулік уақытымен мейманхана есебінде жалға бергені және пайдаланғаны үшін айыппұл салу қарастырылған. Заң көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын жайларды мақсатынан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатын көздейді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Заң ресми жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді.
Дерек көзі: Азаттық