Мен озімнің өмірім туралы жазсам деп едім. Менің жасым 29-да. Тəп тәтті 3 қызым бар. Өзім Тараздың қызымын. 22 жасымда алып қашудың құрбаны болдым. Жылап- жылап қалдым. Киімді алып келгеннен кейін, отбасылық өмірге мойынсындым.
Бір күні жолдасым таңға жуық келіп алдымнан шықпадың деп ұрды. Жолдасым ұйықтап қалғанын күтіп, қыздарымды алып төркіннен бірақ шықтым. Əке-шешеме болған жағдайды айтпадым. Тек қыдырып келдім дедім. Содан жолдасым қайта- қайта звондап жүрді. Алмадым. 10 күн дегенде артымнан келді. Өлердегі сөзін айтып кешірім сұрады. Содан қыздарым үшін деп қайта қосылдым. Одан кейін ол жақсы жаққа өзгерді. Бірден емес. Жаймен. Кейін 3 қызымды босандым. Қазір арамыз жақсы. Жұмысынан үйге асығады. Тапқан ақшасын түгел маған береді.
Қазір ойлап қарасам сол кезде əке- шешем келе ғой дегенде мен баяғыда ажырасып кетер едім. Олар мен жақсы болып кетсін деп айтқан екен. Əйел адам қырық жанды бəріне шыдайды. Еркек адам бір қол көтергеннен орнына қою керек деп ойлаймын. Еркек адамның санасына берсін. Енді ұл керек. Шыдамдылықпен Алла Тағаладан сұрасам ол да болар. Жазда бұйырса үйімізді бітіріп кіреміз.
Бұл менің бақытым, менің өмірім деп мақтанарлықтай өмір сүруге əр жан лайық. Қыздар тек сəл шыдау керек.
Аноним
Дереккөз: Алаш айнасы