Әсел Баяндарова өтіп бара жатқан 2016 жылдағы қуаныштары мен қайғысын есіне алып, жыл қорытындысын шығарыпты.
Ол былай дейді:
«Екінің бірінің басына түспейтін қызық тәжірибе жинадым.
Желіде «Қазақ қыздарына не істеуге болады» деген пост жазып, «великий скандал» тудырдым.
Жасыл түрсиімді көрмеген адам қалмады. Біреу қарғап-сілейді, біреу қолайды. Нәтижесінде
мен қазақстандық фейсбукте жазылған адам саны бойынша көшбасшылардың бірімін.
Атақты болып кеткенім сонша, оған өзім де әлі үйрене алмай келемін. Көптеген ақылды, қызық адамдармен таныстым.
Одан сайын әдемі болып, құлпырып келемін.
Өмірден өзіме не керек екенін анық түсіне бастадым. Алдымда әлі талай қызық күтіп тұр, мүмкіндіктерім әлі мол. 2016 жыл оңай болған жоқ. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!».