Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстанда діни радикальдық ұйымның 33 мүшесі ұсталды

123

“Ат-Тақфир уәл-Хижра” жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, бүгінде алынған айғақтар жиынтығы бойынша “Ат-Тақфир уәл-Хижра” ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне – ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылған.

Мұнымен бірге, 8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның қатардағы 17 адам әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады.

“Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеологияны насихаттайтын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар Қазақстанда тараған тармақтарының іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған. Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда”, – деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетелік, 21-желтоқсанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы мен Қазақстанның үш облысында еліміздің аумағындағы “Ат-Тақфир уәл-Хижра” діни-экстремистік ұйымын залалсыздандыру мақсатында арнайы операцияны бастаған болатын. Діни араздықтықты тудырды деген күдікпен елімізде тыйым салынған ұйымның 16 адамы ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жеткізілген.

“Бұл қылмыстық ұйымның мүшелерінің “Әл-Каиданың”, ДАИШ-тың және басқа да террористік топтардың идеологиясын ұстанатыны белгілі”, – делінген арнайы хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз