Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс биографиялық институты жариялаған “Жыл адамы-2016” сыйлығының лауреаты атанды.
Бұл туралы Ресейдің федералдық жаңалықтар агенттігі хабарлады.
Сарапшылар кеңесі 14 номинация бойынша сыйлық жеңімпаздарын таңдады. Іс-шара Құтқарушы Христ ғибадатханасында Сергиев залында болды. Қазақстан көшбасшысына халықаралық саясаттағы елеулі жетістіктері мен Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуға қосқан үлесі үшін “Халықаралық қатынастар” номинациясы бойынша сыйлық берілді.
Назарбаев сыйлықты ұсыну салтанатына қатысқан жоқ, марапат Елбасының қолына ерекше құрметпен жеткізілетін болады.