АҚШ санкциялар тізіміне тағы да Ресейдің 7 азаматын, 30 компания мен екі кемені енгізді.
Санкцияға Ресей президенті Владимир Путиннің “жеке аспазы” болып саналатын миллиардер, ресторатор Евгений Пригожин іліккен.
“Стройпроект”, “Қырым теңіз порттары”, “Қырым темір жолы” секілді компанияларға АҚШ-қа виза жасатуға, қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салған. Сонымен бірге “Маршал Жуков” пен “Сталинград” кемелері де АҚШ кеңістігіне жүзе алмайды.
АҚШ қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау жөніндегі бөлім басшысы Джон Смит санкциялар Қырымды басып алғаны үшін кеңейгенін мәлімдеді. Смиттің сөздерінше, Вашингтонның басты мақсаты Қырымды аннексиялағаны үшін Ресейге қысымды күшейту және Украинадағы тұрақсыздық мен зорлық-зомбылықты қолдайтындарға кедергі көрсету.