Шыны керек, Қазақстанда Айгүл есімді қыздар көп.
Көптігі сонша, “Ең танымал Айгүлдер” деп ikerim.kz сайты Қазақстандағы Айгүлдердің өзінше рейтингін жасапты.
Сонымен, халыққа танымал Айгүл-қыздар мыналар екен:
Айгүл Мүкей-тележурналист, диктор, продюсер. Әйелдерге арналған ikerim.kz порталының бас редакторы.
Айгүл Иманбаева — әнші, актриса. Қазіргі таңда өзінің «А.И» атты жеке театры бар.
Айгүл Қосанова — әнші, домбырашы. Дәстүрлі әндерді де, эстрадалық әндерді де нақышына келтіріп шырқайды.
Айгүл Бабаева-әнші, сазгер және тележүргізуші. POP, JAZZ стилдерінде түрлі шығармалар орындаған әнші алыс-жақын шетелдерде өз өнерін көрсеткен.
Айгүл Үлкенбаева — күйші-домбырашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі. Қазіргі таңда қазақ күйлерін жаңаша бояумен әрлеп халыққа жеткізіп жүр.
Айгүл Елшібаева — дәстүрлі әнші-жыршы. Халық өнерін дәріптеп жүрген термеші.
Айгүл Ісмақова — филология ғылымының докторы, профессор. Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті теориялық мәселелерінің жүйелі зерттелуіне көңіл бөліп жүрген жанашыр.
Айгүл Бажанова — көптеген танымал әндердің авторы, сазгер, әнші.
Айгүл Әдихан — әнші, ұстаз. Көптеген халықаралық байқауларда ел намысын қорғап жүрген талантты әнші.