Шымкентте 12 жасар туған қызын зорлап келген ер адам 18 жылға сотталды.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының ауданаралық сотына сілтеме жасап, Отырар TV хабарлайды.
Қыздың анасы қаладағы кафелердің бірінде ыдыс жуушы болып қызмет етеді. Ол үйіне үнемі кеш қайтады. Ол бір күні әдеттегісінен үйіне ерте қайтады. Сөйтіп күйеуінің қызын зорлап жатқан жерінен – үстінен түседі. Әйел бірден полицияға шағымданған.
Сәкен Н. есімді азамат 18 жылға сотталып, жазасын қатаң түзеу мекемесінде өтейтін болды. Үкім, әзірге заңды күшіне енген жоқ.