Атышулы Ninety one тобының “Қалай қарайсың?” әніне түсірілген бейнеклип жарыққа шықты.
Бұл – Ninety one тобының үшінші бейнебаяны.
Кейбір дерекөздің мәліметінше, бұл ән жуырда ғана жарыққа шыққан режиссер Асқар Ұзабаевтың “Гламур для дур” әнінің саундтрегі болып бекітілген болатын.
Еске сала кетелік, алдында интернетте Дәулет Тұрлыханов пен Ninety one тобының продюссері Ерболат Беделханның арасындағы әңгіменің аудио жазбасы пайда болған еді. Онда Дәулет Тұрлыханов Ерболатқа „бұл топтың көзін құрт„ деп бұйырады. Кейіннен екеуі де баспасөз арқылы бұл әңгіменің растығын жоққа шығарған. Алайда әлеуметтік желіде „сыртқы сын-келбетімен, рөлдегі пошым-пайымымен қазақтың жігіттеріне сын келтіріп жүрген Ninety one тобына осылай тұсау салатын біреу болса ғой, осыған сеңгіміз келеді„ дегендер көп болды. Алайда оған қарап жатқан олар жоқ. Қоймайды екен…