Интерполдың Қазақстандағы өкілдігінің бұрынғы басшысы қайтыс болған әйелінің әкесімен соттасып жүр.
81 жастағы қария Төлеш Мәжікеев оның жалғыз пәтерін күйеу баласы тартып алмақшы екенін айтады. Бірнеше жыл бұрын қария күйеу баласына көмектесіп, үйін кепілге қойып, несиеге ақша алып берген. Бәрі содан басталады, қарияның соттасып жүргеніне осымен 3 жыл болыпты деп хабарлайды “31 телеарна”
Төлеш Мәжікеев:
– Мен ипотекалық келісімшарт туралы 2015 жылы ғана білдім. Оған дейін ипотека дегенннің не екенін білмегенмін. Банк қызметкерлері бізге келіп немесе хабарласып, қандай да бір әңгіме-дүкен құрған емес.
Тағы белгілі болғандай, қариялар мұраға қалдыру туралы құжатқа қол қойған болып шығады. Заңгерлердің көмегімен қарт адамдардың нендей құжаттарға қол қойып жатқанын білмегені дәлелденген. Осы уақыт аралығында бәйбішінен айырылып үлгерген Төлеш аға соңғы сотта жеңеді. Бірақ күйеу бала соттың бұл шешіміне қарсы шағымданбақ. Адвокаттар да төбе көрсете бастады.
Адвокат Қарықболовтың мәлімдеуінше, ол өзінің қорғалушысының атақ-абыройын ақтап алмақ. Оған пәтер мәселесінің еш қатысы жоқ көрінеді.