3 және 4 желтоқсан күндері Алматыда жаңбыр жауып, күн күрт жылынып кетті.
Алматы жолдарын су алудың себебі анықталды деп хабарлады Tengrinews.kz.
«Салдарынан қаланың кейбір аумағын су басқан. Тасқынның алдын алу үшін 4-желтоқсанда түнде 16 арнайы техника және 103 адам жұмылдырылды», — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Бүгіндері негізінен су басқан жер тазаланған, енді арық жүйелеріне кірісіп жатыр. Алматы қаласының төтенше қызметі 4-желтоқсанда шұғыл желіге аулаларына су кіріп кеткендігі туралы 28 хабарлама келіп түскенін айтады. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті келіп түскен хабарламалардың барлығына сәйкес, шара қабылданғанын хабарлады.
Ал әлеуметтік желіде Алматының Райымбек даңғылында орналасқан „Жібек жолы„ базарын су басқан видео жарияланды. Онда еріген қар мен мұз көшені алып жатыр. Алматылықтардың жазуынша, алдында шектен тыс түскен қарды дұрыстап күреп, шығармағандықтан осындай жағдай орын алған.
https://www.youtube.com/watch?v=g9JKu7NYmgk