Еуропалық одақ пен АҚШ Қазақстан билігінен азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуын сұрады. Жер реформасына қарсы Атыраудағы митингке қатысқан бұл екеуін 28 қарашада атыраулық сот бес жылға соттады.
Еуропалық одақтың дипломатиялық қызметінің ресми өкілі жасаған мәлімдеме бойынша, Боқаев пен Аянның түрмеге қамалуы “Қазақстанның пікір білдіру мен жиын еркіндігі жайлы халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді”. Мәлімдемеде Астананы “сөз бостандығы мен жиын еркіндігін қамтамасыз етуге” шақырған.
Қазақстандағы АҚШ елшілігі де Қазақстан билігінен ел Конституциясы мен заңдарының жоғарғы стандарттары сақталуы үшін осы іске қатысты сот талқылауларын қайта қарауын сұрады.
Құрама Штаттар заңдардың түрліше талқылануынан келіспеушілігін бейбіт түрде білдіргендердің әрекетін қылмысқа жатқызу – демократиялық қоғамда азаматтардың құқығына нұқсан келтіретінін атап өтті.