Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ал айтып қалыңыздар. “Шекарасыз репортерлар” Орта Азияда жүр

210

“Тәжікстан Орталық Азиядағы журналистердің еркіндігі жоқ тағы бір мемлекетке айналады ма деп қауіптенеміз”, – деп атап өткен Моррилон.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 25 қарашада Азат Еуропа/ Азаттық радиосының тәжік қызметі Озоди радиосының бір топ тілшілерінің ресми тіркелу куәлігін қайтарып алды. СІМ мекемесі бұл шешімге түсініктеме бермеді. Алайда Озоди радиосының басшылығы мұны президент Эмомали Рахмонның қызы Рухшона Рахмонованың Тәжікстанның СІМ халықаралық ұйымдар басқармасы басшылығына тағайындалғаны жөніндегі ақпаратты жариялағанымен байланыстырады.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Томас Кент Тәжікстан билігінің мұндай байланысы алаңдаушылық туғызады деді. Оның сөздерінше, Озоди радиосының Душанбедегі тілшілері ең алдымен АҚШ үкіметінің ресми мәлімдемесін жариялады, екіншіден, жаңалықты Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сілтеме жасап хабарлаған.

“Шекарасыз репортерлер” ұйымының мәлімдемесінде Озоди радиосының алты журналисінің тіркелу куәлігін қайтарып алуы, елдегі тәуелсіз БАҚ-қа жасаған қысымы деп деп атап өткен.

Қараша айының басында Тәжікстанда апталық “Нигох” (“Көзқарас”) газеті мен “Точнюс” ақпараттық агенттігі жабылды.

450a8f48-9889-44ee-ba4a-2177c8ed4e37_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз