Танымал әнші Ақбота Керімбекова “рэкет” күйеуінен көрген қиындықтарымен бөлісті деп хабарлайды nur.kz.
Бұл туралы ол 31-арнадағы “Ұят емес” бағдарламасында айтып берді.
Әнші өзінің бұрын-соңды ешкімге айтпаған жан сырын ақтарды. Өмірде жолы болмай, екі рет тұрмыс құрған әнші бұл сәтсіздіктерді Алланың сынағына балайды. Екі баласының әкесі, бірінші күйеуімен ол оның өмір салтына байланысты ажырасқан екен.
“Ол рэкет болды. Әңгімесі сол болатын, ананы ұрып кеттім, мынаны бүйттім, сөйттім деп. Мен мұның барлығына төзе алмадым”, – деді ол.
Ол екінші күйеуімен де неліктен ажырасып кеткенін жасырмай айтты.
“Екінші күйеуімнің өз пікірі болмады. Ол өте жуас, ынжық болды. Анасының “ұлымды” дуалап тастадың” деген сөзіне шыны керек шыдамадым, кешіре алмадым. Былайынша айтқанда, маған ақшам үшін үйленген екен. Өмірде түк көрмеген адамдар байлыққа тап болғанда не істерін білмей қалады екен”, – деді әнші.