Қызылорда облысы Қазалы ауданында 75 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасы.
Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймахановтың айтуынша, биылдың өзінде жергілікті 22 кәсіпкерге барлығы 130 млн теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда 75 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сондай кәсіпкердің бірі Альбина Нұрбаева 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол өңірлік инвестициялық орталық арқылы 8 млн теңге несие алып, бұл қаржыға заманауи үлгідегі пеш, нан жаятын машина, иленген қамырды бумен көтеретін құрал, кондитер өнімдерін салып пісіретін түрлі құралдар сатып алды. Одан бөлек кәсіпкер жаңадан алған пештерін қою үшін құрылыс жұмыстарын жүргізіп, цехты кеңейткен. Қазір кондитер цехында кондитерлік өнімдердің 10-нан астам түрі дайындалады.
Дереккөз: Егемен Қазақстан