Қоғам қайраткері Ғани Қасымов instagram желісіндегі парақшасына әлдебір телеарнаға сұхбат беріп отырған суретін жүктеді. Әңгіме суретте емес, саясаткердің сөзінде болып тұр.
Көп телеарналар ел тәуелсіздік алған жылдар туралы айтуымды, сол кездердегі естеліктермен бөлісуімді сұрайды. Ол кез қалай болып еді? 25 жыл бұрын?.. Мен бәрін айтып отырамын. Ал санамда журналистердің экспериментін растау үшін, музейдің ескі экспонаты ретінде ғана шақыратын күнге дейін жеттім бе деген ой маза бермей тұрады» – деп жазған.
Дереккөзі: reactor.inform.kz