Алматыдағы аэровокзал ғимараты 2014 жылғы ақпаннан бастап негізгі қызмет түрі жеке меншік мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Drivetech Company» ЖШС-нің меншігіне өтеді. Аталмыш ЖШС бұл ғимараттың әлеуметтік тұғырын ұстап қалу үшін 2014 жылғы тамыздан бастап «Ай-Али Групп» ЖШС-на жалға береді.
Бүгінгі таңда «Ай-Али Групп» ЖШС аэровокзал ғимаратын бас жалға алушы құқығын пайдалана отырып, ғимарат кеңсесін ұялы телефон сатушылар мен жөндеушілерге жеке кәсіпкер ретінде келісімшарт арқылы жалға беріп отыр.
Ал, бірқатар ақпарат құралдарында Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген келімсектер деп көрсеткен саусақпен санарлық қызмет көрсетуші персоналдар ҚР жеке куәлігін күтіп жүрген ұлты қазақ өз қандастарымыз екеніне көз жеткіздік.
Дәл осы тексеруде аэровокзалды жалға алушы кәсіпкерлерге қатысы жоқ, қала билігінің рұқсатымен өтетін жәрмеңкеде сатушы қызметін атқарып жүрген құжатсыз адамдарға да осы нысан қызметкерлері есебінде хаттама толтырылғаны ішкі тексеру арқылы анықталды.
Бірқатар ақпарат құралдары Алматы қаласында полицейлермен қанды қырғын жасаған Руслан Күлікбаев осында қызмет етіпті деп жазған. Аэровокзал әкімшілігі ол жігіттің және онымен үндес жігіттердің маңында жоқ екенін және оларға ешқандай да қызмет түрін ұсынбағанын, кеңсе де жалға бермегенін айтып қалалық мемлекеттік органдарға дәлелдеп бағуда.
Бұдан имидждік тұрғыдан зардап шеккен аэровокзал әкімшілігі осы туралы жазған басылымды сотқа бермек.
Мемлекеттік органдарға апталық, айлық есебін беріп отырған «Ай-Али Групп» ЖШС компаниясы осы аэровокзал нысанында өз істерінің адал әрі ешкімге зияны жоқтығын дәлелдеп шығарына сенімді.
Дайындаған, Ғалымжан Айтмаханов