Қазақавтожол мекемесінің мәліметіне қарағанда, боранға байланысты Жамбыл облысы аймағындағы «Қордай айналма жолының» 158-240 шақырымындағы Отар-Қайнар аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұдан бөлек, Алматы облысында «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде де боран салдарынан жол жабылды. Осы ретте бұл шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізілді.