Қазақстанның барлық аумағында күн суытып тұр. Қазгидромет аяздың беті қашан қайтатынын хабарлады.
«Қазақстанға аязды әкелген күшті антициклон жылы және ылғалды Атлант ауасының қысымымен бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріледі . Ал оған дейін қар жауып, күн борандатып, суық бола бермек», – деп хабарлады Қазгидромет.
24 қараша күні шығыс аудандарда аяз бәсеңсиді.