«ҚазМұнайГаз» бекеттерінің басым бөлігі бензинді тек талон арқылы босатып жатыр. Бұл жағдай Алматыда да көрініс табуда. “ҚазМұнайГаз” бен “Гелиос” бекеттерінен басқасында бензинді әртүрлі баға сатып алуға болады. Мысалы, “ГазПромда” 92 жанар-жағармайының 1 литрі 134 теңгеден саудалануда.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы мұндай шаралар бензиннің тапшылығына орай қолға алынып жатқандығын мәлімдеді. Сондықтан АИ-92 бензині тек талон және ҚМГ-нің клуб карталары арқылы сатылуда. Оның үстіне бір көлікке тек 20 литрден ғана сатылуда. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясына хабарласқанымызда, бензиннің көлемін шектеу барын растады, алайда ол барлық бекеттерде емес екендігін хабарлады.