Баян Есентаева бет-әлпетінің бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда өзгергенін айта беретін желідегі оқырмандарына жауап берді. Продюсер сыртқы сымбатында және жалпы өмірінде орын алған өзгерістерге өзгелердің көмегінсіз де төтеп бере алатынын мәлім етті.
Бұл туралы stan.kz сайты хабарлады.
«Маған әркез бетімнің қалыпқа келмегенін еске түсіре берудің қажеті жоқ. Оны сіздер айтпасаңыздар да білемін, барлық надан және менің сыртқы келбетіме алаңдайтын жандар парақшамнан шығып кетіңіздер. Өмірімде және сыртқы келбетімде орын алған өзгерістерге өзім шыдас беремін», – деп жазды Есентаева желідегі парақшасында.