Жыл басынан бастап ішкі істер органдары қос азаматтықты алғаны үшін Қазақтан Республикасының бұрынғы 581 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның азаматтығына қабылдау туралы өтініш беру кезінде қасақана жалған мәліметтер ұсынған 2 шетелдік азаматқа айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды. Бұдан бөлек, ҚР азаматтығының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін Қазақстан азаматтығын жоғалтқан 281 адамға айыппұл салынды.
Қазақстандық азаматтықта тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын алған адамдар басқа азаматтықты қабылдаған күннен бастап отыз күннің ішінде Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне шетелдік азаматтықты қабылдаған фактісі туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Шетелдің азаматтығын қабылдағаны туралы белгіленген мерзім ішінде хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.