Жамбыл облысында қарындасын зорлады деген ер азаматқа қатысты іс қаралып, үкім шығарылды.
Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Соттың үкімімен А. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған балаларды тәрбиелеумен, не болмаса балалармен байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оған бұл мерзімді түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.