«Қазақстан Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді», деген Андрей Аршавин Алматыда тағы бір жыл жүретін болды.
Алматының «Қайрат» футбол клубы орыс футболының бұрынғы супержұлдызы Андрей Аршавинмен арадағы келісімшартты тағы 1 жылға ұзартты, дейді sports.kz.
Аршавин «Қайрат» сапында 2017 жылдың аяғына дейін доп тебетін болды.
Айта кетсек, соңғы жылдары Ресейде бірнеше клуб ауыстырып, жасыл алаңда мүлдем көсіле алмай қалған Аршавиннің екінші тынысы алматылық клубта ашылды:
«Қайрат» сапындағы 36 ойында шабуылшы 11 доп соқты.