Ресейлік сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі америкалық елшілікке нота жолдап, Ресейде болатын барлық сайлауларға АҚШ дипломаттарының қатысқанын қаламайтынын хабарлады.
Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябковтың хабарлауынша, ресейлік дипломаттардың АҚШ-тағы сайлау учаскелеріне кіргізбей қоюына Мәскеу осындай қадаммен жауап берді.
Вашингтонда АҚШ-тағы сайлаулардың өту барысын бақылауға қатысты ресейлік өтінішті насихаттау құралы ретінде қабылдады, ал Мәскеу сайлауды ЕҚЫҰ желісі бойынша бақылаудан бас тартты.
АҚШ-тағы президент сайлауы 8 қарашада өтті.