Қазақстанда 9 миллион жұмысқа жарамды экономикалық белсенді халық бар деп мәлімдеді бүгін денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Дүйсенова бұл туралы мәжілісте жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасы бағдарламасының орындалу барысы жайлы жасаған есебінде айтты.
Министрдің сөзінше, бағдарлама іске қосылған 2011 жылдан 2016 жылға дейін 744 мың адамға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген, оның ішінде 56 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Қыркүйекте экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл “дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында” жаңа 170 мың жұмыс орны ашылғанын, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайтынын айтқан.