АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трампты қауіпсіздік қызметкерлері Невада штатының Рено қаласындағы сайлаушылар алдында сөз сөйлеу барысында сахнадан алып кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Агенттердің қандай да бір қауіпті байқағаны әзірге хабарланған жоқ. Алайда бірнеше минуттан соң Трамп көпшілік алдына қайта шықты. «Біздің қызметіміз жеңіл болмайды, мен қауіпсіздік қызметіне алғыс білдіремін», – деді үміткер.