Ресей президенті Владимир Путин «Ресей ұлты туралы» заң қабылдау идеясын мақұлдап, Ресей ұлтының бірлігі жылын өткізуді құптады.
Путин бұл мәлімдемесін қазанның 31-і күні Астраханьда өткен Ұлтаралық қарым-қатынас жөніндегі кеңес отырысы барысында жария етті.
«Ресей ұлты туралы» заң қабылдау ұсынысын сөз еткен Путин «бұл жүзеге асырылуы анық қажет нәрсе» деді.
«Бұл өте қызық, қажетті дүние болар еді. Өкінішке қарай, біз өзіміз қандай елде, қаншалықты әдемі, керемет елде тұрып жатқанымызды түсінбей жүрміз», деді Владимир Путин.
«Өз көршісімен қатар тұрып жатқан адамдардың осы елді мекен ететін өзге этностар мен халықтар туралы білгені қызық болар еді. Ресей ұлты деген нәрсе – ресейлік көпұлтты халықтың діңгегі және біздің байлығымыз екені сөзсіз, деді Путин.
Айта кетсек, Ресей басылымдарында «Ресей орыстың елі ме, кімнің елі?» «Орыс әлемі», «Елдегі үлесі 80 пайыздан асатын мемлекетқұраушы орыс халқына неге мемлекетқұраушы деген мәртебе берілмейді?» деген тақырыптар жиі көтеріледі.