Мосулда ирак армиясы жергілікті телеарна ғимаратына кірді деп хабарлайды Reuters агенттігі қарулы күштің бас қолбасшысының сөздеріне сілтеме жасап.
31 қазанда ирак әскері Мосулдың шығысындағы Әл-Карама ауданына кірген болатын. Үкімет армиясы Мосулдың шығысындағы индустриалды аймақ Гогджали қаласына қарай шабуылдады.
Мосул 2014 жылдан бері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бақылауында. Қалаға шабуыл жасау 17 қазанда басталған. Ирак әскері, ирактық күрдтер отряды ИМ-ге қарсы соғысып жатыр. Оларға халықаралық коалиция әуе шабуылы арқылы қолдау көрсетуде.