Қырғызстан президенті аппараты жетекшісінің орынбасары Сапар Ысқақов қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен әңгімелескенін жоққа шығарды.
Президент аппаратындағылардың хабарлауынша, бұл – жалған ақпарат. Сапар Ысқақовтың пікірінше, Украина басшысын біреу алдаған болуы мүмкін.
“Петр Порошенко мен Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға жеткізілуі тиісті украиналық азық-түлік транзитінің Ресей енгізген шектеулерге байланысты тұрып қалуына қатысты мәселелер, сондай-ақ тауар тасудың басқа да жолдары талқыланды”, – делінген хабарламада.