Атырауда сотта мүгедек қыз бен оның отбасын әуре-сарсаңға түсірген құзырлы мекеме жазаланып, қомақты айыппұл тағайындалды.
Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Медициналық сараптамаларға сәйкес, талап қоюшының 2001 жылы туған қызы А.С. сәби кезінен мүгедек болып танылып, оған ай сайын әлеуметтік төлемдер төленіп жүрген. Бірақ 2013 жылы кезекті медициналық сараптамадан кейін А.С.-ның мүгедектігі жойылып, ол әлеуметтік төлемдерден айырылған. Алайда 2016 жылдың 29 ақпанында А.С. қайтадан жастайынан мүгедек деп танылған.
Талап қоюшы арызында 3 жыл бойы мүгедектік пен әлеуметтік төлемдерді негізсіз тоқтатылғанына шағымданым, қаражат жеткіліксіздігінен қызын емдетуге мүмкіндік болмағандығын айтты. Сотпен талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығып, әлеуметтік қорғау органдардың әрекеттері заңсыз деп танылды және талап қоюшының пайдасына моральдық залал өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.