Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері процессуалдық прокурордың соттан сотталушы Руслан Күлікбаевқа өлім жазасын тағайындау туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“ҚР Президентінің 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы № 1251 Жарлығы бойынша Қазақстанда өлім жазасын орындауға мараторий қойылған.
Жарлық бойынша өлім жазасының барлық түрі тоқтатылды. Дегенмен заңнама соттарға қарастырып жатқан істер бойынша бұл айырықша жазаны тағайындауға тыйым салмайды.
Соңғы рет сот өлім жазасына кескен үкім 2006 жылы, яғни 10 жыл бұрын шығарылған”, – делінген Бас прокуратураның ресми сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, ведомстводағылар Күлікбаев айыпталып жатқан Қылмыстық кодекстің 255-бабы бойынша үш түрлі жаза кесілуі мүмкін екенін атап өтті.
“15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы. Жасалған қылмыстың аурылығын ескере отырып, мемлекеттік айып соттан ең қатаң жаза кесуді сұрайды”, – делінген ҚР Бас прокуратураның жауабында.
Айта кетейік, 2-қарашада Алматыда Руслан Күлікбаев пен оның 5 сыбайласына қатысты үкім шығарылады деп күтіледі. Сыбайластарына мемлекеттік айыптаушы 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.