Түркияда оппозициялық Cumhuriyet газетінің бас редакторы ұсталды деп хабарлайды түріктің ақпарат құралдары.
Cumhuriyet өзінің сайтында бас редактор Мұрат Сабунчу мен газеттің шолушысы Гюрая Өздің ұсталғанын растады. Сабунчу мен Өз үйлеріне тексеру келгеннен кейін тұтқындалған. Олардың ұсталуының себебі әзірге белгісіз.
Түркияда соңғы аптада ондаған БАҚ, оның ішінде көптеген күрд ақпарат құралдары жабылды.
Сumhurıyet газетінің бұрынғы редакторы Джан Дундар Түркияның Сириядағы операциясына қатысты мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылды. Редакторға шығарылған үкімді Батыс елдері айыптап, оны босатуға шақырды. Олар Түркияда адам құқықтары бұзылып жатқанына алаңдайтынын білдірген.