Халықаралық террористік ұйым Орталық Азия елдерінен Ресейге қатынайтын пойыздарды үгіт-насихат орнына айналдырған.
Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді) Аймақтық террорға қарсы құрылымдары Атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев мәлімдеді. Ол ШЫҰ мүше елдердің халықаралық терроризм және экстремизмге қарсы күресте әріптестік орнату мәселелері туралы конференцияда баяндама жасады.
Оның айуынша, терроршылар Ресейге оқуға жол жүрген ТМД студенттерін арбауға тырысқан.
Сысоевтың айтуынша, 2015 жылы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен бірге, аймақта түрлі террористік ұйымдарға мүше болған 80-ге жуық адамды ұстады: Тәжікстаннан – 50 адам, Қырғызстаннан – 20, Өзбекстаннан – 8. Олардың барлығы еліне қайтарылып, жауапқа тартылды.