ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткізіліп жатқан Үкімет отырысы барысында биылғы жылдың 9 айындағы экономика салаларының ағымдағы жағдайы туралы айтты.
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында айтылды.
Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өсті.
«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0 пайызға ұлғайту есебінен шамамен 5 пайызды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5 пайызға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш.
Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9 пайызға артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғайған қарқыны есебінен 13,6 пайызға өсті», – деп мәлімдеді министр.